Пирейдегі «Караискакис» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды, деп жазады Sports.kz.
Осылайша «В» тобында 5 ойыннан кейінгі көрсеткіш мынандай: АПОЭЛ - 9 ұпай, «Олимпиакос» - 8, «Янг Бойз» - 5, «Астана» - 5.
Айта кетейік, соңғы турда жеңіске жеткен күннің өзінде «Астана» да, «Янг Бойз» да «Олимпиакостан» асып түсе алмайды. Себебі гректер екеуін де жеке кездесуде жеңген.
Еске сала кетейік, кеше «Астана» АПОЭЛ-ден 2:1 есебімен басым түсіп, есе қайтарған болатын.