«Астана EXPO-2017» компаниясы Мақсат Үсеновтің әкесі жұмыстан кеткенін растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана EXPO-2017» компаниясы Қажымұрат Үсеновтің жұмыстан кеткенін растады.

«Иә, растаймыз. Ол жұмыстан кету жөнінде өтініш жазды», - дейді компанияның коммуникация бөлімінің PR менеджері Әсел Қожақова.

Айта кетейiк, 1 желтоқсан күнi Алматыда көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов көшеде алты адамды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында бiр адам көз жұмды. Дегенмен, қылмыстық iс 22 қаңтар күнi тараптардың мәмiлеге келуiне орай тоқтатылды. М.Үсенов болса, қамаудан босатылды.