«Astana FINANCE DAYS 2021» конференциясына тіркелу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясына тіркелу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Astana Finance Days (AFD) – бұл «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13 мыңнан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5 мыңнан астам адам қатысты.

1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері әлем нарықтарына дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.

«Өсуді қалпына келтіру» тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

  • Fin&Tech Summit:
  • - Visa сессиялары
  • - Mastercard сессиялары
  • - Fin & Tech
  • Business Connect Форумы
  • Жасыл өсу форумы
  • Макроэкономикалық форум
  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
  • Білім беру технологиялары форумы
  • АХҚО құқық конференциясы
  • Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және тағы басқасы

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері болады.

Өңірдегі ең ірі іскерлік онлайн-іс-шаралардың біріне тіркеліп, ол туралы достарыңызға айтыңыз. Толық ақпарат сайтта қолжетімді.