Жол құны - 690 АҚШ доллары. Бұл бағаға Астана-Ыстамтамбұл-Астана бағыты бойынша ұшырылым, қонақүйге, әужайға дейінгі трансферт, бес жұлдызды қонақүйде 3 күн, 2 түн тұруы, матчқа билет кіреді. Жанкүйерлерге Ыстамбұлды аралауға мүмкіндік бар. 8-і күні «Галатсарайға» қарсы матчқа барады.
Еске салсақ, матч аты аңызға айналған «Тюрк Телеком» аренасында өтеді. Матчтан кейін жанкүйерлер бірден оларды күтіп тұрған автобусқа мініп, әуежайға жетеді. 9 желтоқсан таңертең чартерлік борт Астана әуежайына келіп қонады.
Әрбір тілек білдіруші матчқа жолдама ала алады. Ұйымдастырушылар 180 адам баруға тілек білдірсе, акция болуы мүмкін екендігін атап өтті.