«Астана» ФК командасы жаңа жаттықтырушымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК командасы жаңа жаттықтырушымен танысты, деп хабарлайды Sports.kz. Болгарлық жаттықтырушы Станимир Стойлов «Астана» футбол клубымен келісімшартқа тұрды. Бүгін ол командамен танысты.

Енді жаңа жаттықтыруышының алдында Еуропа Лигасында ойдағыдай өнер көрсету міндеті тұр.

47 жастағы маман осыған дейін болгарлық Левски», «Литекс» және «Ботев» клубтарында, сондай-ақ Болгария құрамасы мен кипрлік «Анортосис» футбол клубында жұмыс жасаған болатын.