«Астана» Бикфалвиге миллион доллар сомасында келісімшарт ұсынды. Алайда Эрик Қазақстанға келуге асығар емес. Себебі ол мұндай жағдайда өзінің құрамаға қабылдану мүмкіндігі едәуір азаятынын түсінеді.
Бикфалвиге «Астанадан» басқа Түркия мен Германиядан да бірнеше клубтар көз тігіп отыр. Бикфалви «Волыньмен» келісімшарты аяқталуына әлі де жарты жыл бар екенін, Луцкідегі жағдайына қанағаттанатындығын мәлімдеді, деп жазды sports.kz.