«Астана» ФК Суперкубок матчына толығымен дайын - С. Стойлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол командасы Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матчқа еш жарақатсыз жетіп отыр. Бұл туралы бүгін матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті.

«Біздің қуанышымызға орай, футболшыларымызда еш жарақат жоқ, жаттығудан бірде-бір футболшы тыс қалған жоқ. Меніңше, команда ертең былтыр көрсеткен өзінің футболын паш ете алады. Және бұл сында мықты команданың басымдығы болады», - деп атап өтті бапкер.

Оның сөзі бойынша, «Астана» командасының барлық ойыншылары жоғары дайындықпен келіп отыр.

«Астана» мен «Қайрат» ойнағанда, жолдастық матч болуы мүмкін емес. Үлкен футбол қақтығысы орын алады. Біз бұл суперкубокқа дайындалдық. Футболшылар барлық күшін көрсетуі тиіс», - деді С. Стойлов.