«Астана» ФК ұжымына клубтың жаңа президенті таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының қызметкерлеріне клубтың жаңа президенті таныстырылды.

Бұл қызметке Саян Жарылқасынұлы Хамитжанов келді. Клубтың кеңсесінде жаңа басшыны «Астана» ПКСК бас директоры Владимир Смирнов таныстырып, оған және клубтың ұжымына алдағы маусымда табысқа жету тілегін білдірді.

Осыған дейін бұл қызметте болған Қайсар Рауфұлы Бекенов «Астана» футбол клубының бас менеджері қызметіне тағайындалды, деп хабарланған клуб сайтында.