Астана қаласы прокуратурасының «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды жаңғырту» жобасы бойынша «Астана Арена» стадионында «Астана» ФК негізгі құрамы шеберлік сыныбын өткізді.
Басқосудан кейін қатысушылар футболшылармен бірге суретке түсіп, (селфи жасап), қолтаңба алуына мүмкіндік туды.
«Балалар мен жасөспірімдермен өткізіліп жатқан бұл кездесудің мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстан сақтандыру, оларды спорт және дене тәрбиесіне назар аударту», - делінген Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз мәлімдемесінде.
Шеберлік сабағы күндіз сағат 15:30 басталды. Шараны Астана қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Астана қаласының прокуратурасы ұйымдастырды.