«Астана» футбол клубы биыл ел чемпионатында өнер көрсетпейтін болды

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» футбол клубы биыл ел чемпионатына қатыспайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Премьер-лигада ойнайтын «Астана» футбол клубы өткен маусымда турнир кестесінің 11 сатысына табан тіреді. Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің 2008 жылғы желтоқсанның 14-інде бекіткен тізімінде олар биыл да өнер көрсететін командалар тізіміне енген 16 команданың қатарына болатын. 2007 жылдан бастап қордалана бастаған қарызы 280 миллион теңгеге жеткендіктен биыл клуб басшылығы ел чемпионатында Премьер-лигада да, Бірінші лигада да өнер көрсетуден бас тартып отыр. Жалпы бұған дейін қаржы дағдарысына байланысты Премьер-лигада Алматы қаласының атынан бақ сынап жүрген «Алма-Ата» мен «Мегаспорт» та ел чемпионатына қатысудан бас тартып, «Локомотив» деп аталатын жаңа команданы құрған болатын.