«Бірқатар БАҚ «Астана» футбол клубының 15 миллиардтық бюджеті туралы ақпарат жариялады. Клуб бұл сома асыра айтылғанын мәлімдейді: клубтың 2021 жылға арналған бюджеті – 5 миллиард теңге», - делінген астаналық клубтың ресми сайтындағы хабарламада.
Еске сала кетейік, КПЛ-2021 қорытындысы бойынша, «Астана» екінші орын алды. Бірінші орында – қостанайлық «Тобыл». Біріншілік аяқталғаннан кейін бас жаттықтырушы Андрей Тихонов командадан кетті.
Сурет: fcastana.kz