«Астана» футбол клубы команданың үздік әнұранына жарияланған байқаудың қорытындысын шығарды

АЛМАТЫ. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» футбол клубы командасының үздік әнұранына жарияланған 2 апталық байқаудың қорытындысы шықты.

Кеше клуб кеңсесінде команда аяқдошылары мен жанкүйерлері арасындағы кездесу кезінде Людмила Куфонинаның «Біздің ұранымыз: Футболды осылай ойнау керек, берік қорғаныс, маңызды гол!» деген нұсқасы жеңімпаз деп жарияланды. 1964 жылдан бері сүйікті командасының өз алаңындағы бірде-бір ойынын құр жібермеген Людмила байқаудың ұйымдастырушылары тарапынан естелікке футболшылардың қолы қойылған доп пен клубтың айырым белгілерімен марапатталды.