27 жастағы қорғаушы бұған дейін Белградтың «Салют», Дондағы Ростовтың «СКА», Волгоградтың «Ротор», Волжскінің «Торпедо», Красноярскінің «Металлург», Владивостоктың «Луч-Энергия» командалары сапында өнер көрсеті.
1984 жылы 2-шілдеде өмірге келген Валерий футболмен кәсіби түрде 2002 жылдан бері айналысып жүр. Өткен 10 жылдың ішінде ол 233 матч өткізіп, 11 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Атап айтқанда 2002 жылы «Торпедо» командасында 15 ойын, 2004-2006 жылдары «Роторда» 47 ойын өткізіп, алғашқы добын соқты.