Ақпаратты агенттік тілшісіне клубтың баспасөз қызметі растады. Сонымен қатар клуб осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, клубтың Facebook-тегі ресми тобы хакерлік шабуылға ұшырады.
Барлық жанкүйерлерден әлеуметтік желі әкімшілігі оны бұзылған деп анықтауы үшін Facebook тобындағы жаңалықтарға шағым жіберуді сұрайды.
Жақын арада біз клубтың Facebook-тегі жаңартылған парақшасы туралы хабарлаймыз. Ал оған дейін басқа әлеуметтік желілердегі парақшалардан жаңалықтарды оқи аласыздар», делінген клубтың ресми сайтында.