«Астана» футболшылары «Селтикпен» қарымта матч өткізуге Шотландияға аттанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні «Астана» футболшылары мен тренерлік штабы Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік раунды аясында «Селтик» клубымен қарымта матч өткізу үшін Глазго қаласына аттанады. «Астана» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық команда атынан Шотландияға 21 ойыншы аттанды.
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен, қорғаушылар: Игорь Шитов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Біржан Құлбеков, жартылай қорғаушылар: Абай Жүнісов, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Асхат Тағыберген, Агим Ибраими, Серікжан Мұжықов, Геворг Наджарян, Азат Нұрғалиев, шабуылшылар: Патрик Твумаси, Джордже Деспотович және Джуниор Кабананга.
«Жарақаттан кейін емделуді жалғастырған «Астана» капитаны Таңат Нөсербаев, Сербиядағы 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы қатарында жүрген жас жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев Шотландияға бара алмайды», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Астанадан Глазгоға дейінгі ұшу 8 сағат көлемінде болады. Әуежайға астаналық команда жанкүйерлері келіп, «Селтикке» қарсы матчта сәттілік тілеп шығарып салды.
Айта кетейік, Астанадағы футболистер кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта матч 3 тамыздан 4-іне қараған түні Глазгодағы «Селтик парк» стадионында өтеді.