"Ертең бiзді өте қиын және маңызды матч күтіп тұр. Бiздiң команда өзiнiң бар шеберлiгiн ортаға салады. Бүкiл ойыншылар оның маңыздылығын түсiнедi, сондықтан тиiстi деңгейде өнер көрсетуге дайындалуда. Шынына келсек, "Вильярреал" ертеңгi матчтың фаворитi. Бiрақ футболда фавориттер әрдайым жеңе бермейтiнi де бар. Бiз ешкiмнен қорықпаймыз және соңына дейiн жан алысып, жан берiсемiз. Бұл - футбол", - дедi ол.
Оның сөзiне қарағанда, барлық ойыншылар, Қайрат Нұрдәулетовтан басқасы матчқа тас-түйiн дайын. Ертеңгi матчқа елордалық команданың арнайы дайындаған өз жоспары бар.
"Бiзге ертең Джованни Дос Сантос сияқты Еуропаның ең мықты футболшылары қарсы тұрады. Олар бiздiң прессингке тап болады, себебi бiз тартыссыз берiлмеуге бел буғанбыз", - деп атап өттi Стойлов.