«Астана» футболшылары «Вильярреалмен» болатын кездесу алдында жаттығу өткiздi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн 'Астана Арена' стадионында 'Астана' футбол командасы ашық жаттығу өткiздi.

Тiлшiлер команданың бас бапкерi Станимир Стойловпен болған баспасөз мәслихатынан кейiн елордалық футболшлыардың алаңдағы жаттығуларын тамашалауға мүмкiндiк алды.

Команданың барлық ойыншылары сақадай сай. Тек Қайрат Нұрдәулетов жарақатынан әлi айыққан жоқ.