«Астана»-«Галатасарай» матчы: Биләл Киса ойынның 31-минутында есеп ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде елордалық 'Астана' командасымен «С» тобында шеберлік сынасып жатқан Түркияның 'Галатасарай' командасы матчтың 31-минутында есеп ашты. Гол авторы - 5-ші нөмірлі Билал Киса.

Айта кетейік, матчты əлемнің 53 арнасы тікелей эфирден таратуда. Мыңдаған қазақ жанкүйерімен бірге Астана командасын Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев те қолдауға келгені белгілі болды.