«Астана» ганалық футболшы Осей Барнсты қатарына қосты
20:06, 16 Қаңтар 2024
АСТАНА. KAZINFORM – «Астана» футбол клубы ганалық жартылай қорғаушы Осей Барнспен келісімшартқа қол қойды.
Осей Барнс 1995 жылы Гана астанасы Аккра қаласында дүниеге келген.
Португалияның «Пасуш де Феррейра» клубында тәлім алып, мансабында 2012-2019 жылдарда аталған команданың намысын қорғады.
Одан кейін сол елдің «Униан Мадейра», «Арока», «Академика», Кипрдің «Неа Саламина» клубтарының намысын қорғады.
2021-2023 жылдарда Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубында доп тепті. Команда сапында ел чемпионы атанып, суперкубокқа қол жеткізді.
Команда қатарында 11 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Осей Барнс «Астана» клубымен бір жылға жасалған келісшартқа қол қойды. Одан кейін тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндік бар.