«Астанаға қонып келе жатқан сәт болашақ жайында ғылыми-фантастикалық фильм түсіріп жатқан түсірілім алаңы іспетті: шар немесе «көз» тәріздес ғажайып ғимараттар ғарышқа көз тігіп, жатжұрттық тіршілік иесімен тілдесіп тұрғандай. Ұшар басында сүмбісі бар биік ғимараттар антенналарды еске түсіреді. Түнде қаланың басым бөлігі жалт-жұлт еткен оттармен көмкеріліп, карнавал көңіл-күйін сыйлайды. Көптеген футуристік фильмдер қаланы халық тығыз орналасқан орын ретінде бейнелейді. Алайда Астана дәл осы қалыпты бұзып тұр», - деп жазады басылым.
Мақаланың ағылшын тіліндегі толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.