Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды

Фото: Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты.

Мұны айтулы оқиға деуге болады. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz