Тамыз айында елорда тұрғындарының саны 9 780 адамға көбейген. Жыл басынан бері Астана халқы 61 209 адамға артты.
1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 20 618 796 адам болды. Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған.
Халқы ең көп өңірлер – Алматы қаласы мен Түркістан облысы. 1 қыркүйекте Алматыда 2 387 896 адам, Түркістан облысында 2 142 709 адам тұрған. Бір айда Алматы халқы 8 мыңнан астам адамға көбейсе, Түркістан облысының халқы 2 мыңнан астам адамға азайған.
Халқы бір миллионнан асатын өзге өңірлер:
— Алматы облысы – 1 615 631 адам;
— Шымкент қаласы – 1 316 888 адам;
— Жамбыл облысы – 1 210 084 адам;
— Қарағанды облысы – 1 130 123 адам.
Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 274 адам тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында 510 756 адам, Абай облысында 590 702 адам тұрады.
1 қыркүйекте еліміздегі ауыл халқының саны 7 382 755 адам болды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы шілдеде Қазақстан халқы 14 230 адамға көбейіп, 1 тамызда 20 млн 604,8 мың адамға жеткен еді.