Жыл басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 13 157, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1781 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 6574 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4802 адамға артқан. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында халықтың табиғи өсімі 12 684 адамды, көші-қон өсімі 473 адамды құрады.
Аталған мерзімде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 149 95 сәби туған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8% өсіп, 12 684 адамды құрады.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% азайды, ажырасулар саны 10% өскен.