Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 7 486 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 595 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 3841 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 3050 адамға көбейді.
2015 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 6803 адамды, көші-қон өсімі 683 адамды құрады. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 8089 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 6803 адамды құрады. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,4%-ға, ажырасулар саны 9,8%-ға өсті.