Астана халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып Рәділбек Әдимолда тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Airport management group компаниясын басқарушы басқарма шешімімен 26 желтоқсан күні Астана қаласындағы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымына Әдимолда Рәділбек Өкенұлы тағайындалды», - делінген ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында.