Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен бірнеше рейс кешікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ұшып келетін 14 рейс, ұшатын 9 рейс кешіккен.

Мұның себебі - әуе кемесінің кеш келуі.

Әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында қар күреу жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.

«Өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз» деп ескертеді әуежайдан.

Еске сала кетейік, астана әуежайында кеше де 19 рейс кешіккен болатын.