Ол жөнінде Алматы-Астана бағыты бойынша КС 851 рейс келген кезде хабарланды. Астанаға ұшып келген екі миллионыншы жолаушыны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ өкілдері гүлмен, сыйлықтармен қарсы алды. Елорда әуежайының бірінші вице-президенті Р. Әдимолда оған салтанатты түрде үй кинотеатры бар плазмалы теледидарды табыс етті. Бұдан басқа, «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының Астана қаласындағы өкілі Г.Сәтбаева ұлттық әуе тасымалдаушы ұшатын Бейжің қаласы бағыты бойынша барып-қайтуға екі әуебилетті сыйға тартты.
«Тұңғыш рет жылдық жолаушылар ағыны екі миллион жолаушыдан асып отыр. Алдымен, мұндай рекордтық көрсеткішке бағыттық тораптарды дамыту бойынша әуекомпаниялармен серіктестік нәтижесінде, сондай-ақ әуежай ұсынатын қызметтің сапасын үнемі жетілдірудің, іскерлік белсенділіктің және елордада туризмінің дамуы арқасында қол жеткізіліп отыр»,-деді елорда әуежайының бірінші вице-президенті.