Семинарда әуежайдың қызметтерінде, құрылымдық бөлімшелерінде ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты тұлғалар және мемлекеттік тілді оқыту сабақтарының ісқағаздар тобына қатысатындар болды. Жалпы семинарға 32 жұмыскер қатысты. Семинар әуежайдың 2013 жылға жоспарлаған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Шара барысында тілдерді дамыту қызметінің мамандары көп мағыналы сөздерді аударуда кездесетін проблемалар жайлы әңгімеледі және Мемлекеттік терминология комиссиясының бекіткен сөздері және сөз тіркестерімен таныстырды. Семинар соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша тапсырмалар орындады және мемлекеттік тілде дайындауда басшылыққа алатын құжаттармен және олардың көшірмелерімен қамтамасыз етілді.
20:26, 23 Қаңтар 2013
Астана халықаралық әуежайында «Көп мағыналы сөздерді аудару проблемалары» атты тәжірибелік семинар өтті
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-да Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Көп мағыналы сөздерді аудару проблемалары» атты тәжірибелік семинар өтті.