Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік шекараны кесу ережесін бұзу фактісі анықталды
14:16, 13 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік шекараны кесу ережесін бұзу фактісі анықталды,
деп хабарлады Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Елордалық әуежайда «Астана-Франкфурт» бағытындағы №921 әуе рейсін ресімдеу кезінде Түркияның 20 жастағы азаматы ұсталды. Әлгі азаматтың төлқұжаты мен миграциялық карточкасынан «Ақтөбе-авиа» өткізу бекетінің жалған баспа-таңбасы анықталды, ол осы құжатты қаңтардың 1-інде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде пайдаланғаны анықталды. Факті бойынша тексеру жүргізілуде.