«Астана» халықаралық қаржы орталығынан шаштараз ашқысы келгендер де болған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өтіп жатқан таныстырылымда "Астана" қаржы орталығына қатысты небір қызықты мәліметтер айтылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың басқарушы директоры Айдар Қазыбаев АХҚО серіктестеріне көрсетілетін жеңілдіктер қарапайым кәсіпкерлерді қатты қызықтырып отырғанын айтты.

"Бізге бір кәсіпкер хабарласқан болатын. Ол "Астана" орталығында шаштараз ашқысы келгенін айтты. Орталықтың қандай басымдықтар беретінін  білгенімен бағыты мен мақсатын түсінбейтіндер бар. Осында отырған жастардың да көкейінде осыған ұқсас сұрақтар болуы мүмкін. Біздің орталық қаржылық, заңгерлік, консалтингтік, аусорсингтік компанияларға қызмет көрсетеді" - деді Айдар Қазыбаев.