«Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық конференциясы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ұйымдастыруымен құқықтық конференция өтті. Іс-шара барысында АХҚО сот органдарының жұмысы, сондай-ақ АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі - ХТО) ұсынатын қызметтер таныстырылды.

Конференцияға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, АХҚО Сотының тіркеушісі және атқарушы директоры Кристофер Кэмпбэлл-Холт, АХҚО судьялары сэр Руперт Джэксон мен Эндрю Спинк, АХҚО-ның Құқықтық консультациялық кеңесінің мүшесі Эндрю Олдланд, сондай-ақ отандық және халықаралық заң компанияларының өкілдері қатысты.

«АХҚО құқықтық конференциясы - бұл сот және заңнама саласындағы қазіргі таңдағы мәселелер мен соңғы үрдістерді талқылайтын ашық алаң. Құқықтық қоғамдастықтың өкілдері АХҚО-ның ағылшын жалпы құқығының қағидаттарына, заңнамасы мен прецеденттеріне және де әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген арнайы юрисдикция туралы мол мәлімет алу мүмкіндігіне ие болды», - деді Қ. Келімбетов.

«АХҚО Соты коммерциялық дауларды шешудің ең жоғарғы халықаралық стандарттары бойынша әрекет етеді. Халықаралық төрелік орталығы төрелікті, медиацияны мен соттық талқылаулардың басқа да баламаларын қамтамасыз етеді. ХТО-ның туындайтын дауларды шешу үшін тараптарға ережелер мен рәсімдердің барынша таңдауы мен икемділігін ұсына алатын көрнекті төрешілер мен медиаторлардан құрылған халықаралық тобы бар», - деді К. Кэмпбелл-Холт.    

Конференция барысында Сот, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО-ның құқықтық базасы жөніндегі мәселелер бойынша сессиялар өткізілді. Заң қауымдастығының өкілдері АХҚО жұмысына үлкен қызығушылық танытты. АХҚО спикерлері конференция қатысушыларының барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.