«Астана» ХҚО арқылы 60-тан астам отандық компания жекешелендіріледі
«Қазақстан жекешелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты. Біздің мақсатымыз Қазақстанның электрмен жабдықтау, инфрақұрылым, телекоммуникация сынды 60-тан астам ірі компаниясына инвестиция тарты. Бұл компаниялардың басым бөлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы жекешелендірілетін болады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, президенттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инвесторлардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көліктік және индустриалды инфрақұрылымдар қарқынды дамытылатын болады.
«Қазақстан өңірлік көліктік және коммуникациялық хабқа айналады. Біз автомобиль жолдарын, темір жолдар, теңіз айлақтарында терминалдар салудамыз. Біз инвесторларды жекешелендіру және мемлекеттік жеке-серіктестік арқылы инфрақұрылымдық жобаларға ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді министр.