«Астана» ХҚО халықаралық 3 қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық 3 қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» акционерлік қоғамын құрды және Дубай халықаралық қаржы орталығымен, CityUK (Лондон-Сити) британдық корпорациямен, Катар қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады», - деді министр.