«Астана» ХҚО өңірлік бизнес-хабқа айналады - Қайрат Келімбетов

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында өңірлік бизнес-хабқа айналады.

Бұл жайлы бүгін АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді,  дейді «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Бүгін АХҚО мен Бейжіңдегі Цинхуа университеті арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық бойынша меморандум жасалғандығын естеріңізге саламыз.

2017 жылдың 14-15 мамыры күндері  Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен жоғары деңгейдегі форум өткізілмек. Бұл форумға  29 мемлекеттің президенттері мен премьерлері қатысады, олардың қатарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келді .