— Бағана да айттым, Astana Hub мүшелері өз кірісінің 1 пайызын алым ретінде төлейді. Қазіргі таңда орталықта 1500-ден астам компания тіркелген. Олардың саны біздің болжамымыз бойынша жыл сайын 10-15 пайыз ұлғаяды. Astana Hub өзін-өзі ақтау үшін ең аз дегенде 4-5 жыл керек. Қазір республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы алып отыр. 4-5 жылдың ішінде осы сома біртіндеп азаяды, — деді ол депутат сұрағына берген жауапта.
Еске салайық, Мәжілісте Astana Hub пен Инновациялық технологиялар паркін біріктіру туралы заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.