«Seed Money бағдарламасына тоқталсақ, стартаптарды үш кезеңде қаржылындыру ескерілген. Біріншіден, MVP-кезеңінде стартапта бастапқы өнім, нақтыланған идея болғанда қамтылады. Осы орайда 5 млн теңгеге дейін қаржыландыру жасаймыз. Ал product/market fit екінші кезеңінде стартаптың нақтыланған бизнес-моделі, инвестициялары мен клиенттері назарға алынады. Бұл тұрғыда 10 млн теңгеге дейін қаржыландыру жүргізе аламыз», - деді Марат Шәкен Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, scale – үшінші кезеңінде 20 млн теңге дейін беріледі.
«Арнайы рәсімдер бар және оны орындау маңызды. Осы орайда стартаптар бұл қаражатты мақсатсыз жұмсай алмайды. Себебі оның барлығы бақылауда болады», - деді кеңсе директоры.
Белгілі болғандай, стартаптарды қаржыланжыруға бюджет қаржысы жұмсалмайды. Қаржыландыру Astana Hub жеке қаражаты есебінен болады. Өтінімдерді қабылдау талаптары мен мерзімі жөнінде https://astanahub.com сайтында танысуға болады.