Іс материалдарында оның жол-көлік оқиғасына себепкер болған А. есімді азаматқа қатысты әкімшілік материалды тоқтату үшін одан 50 000 теңге көлемінде ақша талап етіп, алғаны айтылады.
«Сот үкімімен бұрынғы инспекторға 600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалған. Бұл 1 443 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.