Астана ІІД жол апатында қаза тапқан қыздың туыстарын іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тәртіп сақшылары жол-көлік апатының куәгерлері мен оқиға салдарынан қаза тапқан қыздың туыстарын іздестіруде.

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылы 31 тамызда шамамен сағат 20:25 «Фольксваген Каравелла» маркалы көлігінің жүргізушісі Астрахань тас жолында 20-25 жастағы еуропалық ұлт өкілін соғып кетті. Жол-көлік апатында жарақат алған қыз оқиға орнында көз жұмды.

Жапа шеккен қыз түрлі-түсті көйлек киген. Белгілері: беті сопақтау, шашы сарғылттау ұзындығы иығына дейін, маңдайы орташалау, қасы қалың, тік, мұрны түзу, аузы орташа, ерні жіңішке, құлақ қалқаны сопақшалау, орташа. Бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі мығым.

«Астана қ. ішкі істер департаменті жапа шеккен қыздың туыстарын анықтауда, сондай-ақ жол апатының куәгерлерін іздеуде. Егер сіздерге осындай ақпарат белгілі болса, 71-61-28, 71-61-26, 71-61-94, 8-775-159-11-27 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.