Ведомствоның мәліметі бойынша, Целиноград аудандық полиция бөліміне Қосшы ауылының тұрғыны арызданып, пәтерінен жеке мүліктері, оның ішінде ақша және алтын бұйымдары ұрланғанын айтқан. Зардап шегушінің сөзінше шығын көлемі 3 000 000 теңгені құраған.
«Оқиға орнында болған полицейлер ұрының пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргенін анықтады. Жедел-іздестіру шарасы барысында зардап шеккен әйелдің ауылдасы 52 жастағы күдікті ұсталды. Күдіктінің бұған дейінде мүлік ұрлығы бойынша сотты болғаны анықталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР 188-бабының 3-бөлігі бойынша (ұрлық) із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің облыс аумағында осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде», дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.