«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, 2017 жылы қыс кеш келді. Оған қоса, қар жылдағы нормадан 20-40 пайыз аз түсті.
«Дегенмен, көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында Жібек жолы ауылында бөгеттің гидротехникалық шлюздарынан бастап Астана контрреттегішіне дейінгі аралықта су ағатын каналдарды орнату және тазарту жұмыстары жүргізілді (каналдардың ұзындығы 8 шақырым, ені 10 метр, тереңдігі 2 метр). Сонымен қатар, 2018 жылы «Безымянная» бөгетін күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл жұмыстарды қолға алу үшін Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен «Еңбек Аршалы» РМК арасында келісімшарт жасалды», - деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде, ауыл ішіндегі көшелерде қар тазалау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.