Астана іргесіндегі Қосшы кентін «қалдықсыз қалаға» айналдыру көзделуде
Бұл туралы «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев айтты.
«5 жыл ішінде 17 мың контейнер, 49 арнайы техника сатып алынды. Биыл «қалдықсыз қала» жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Ақмола облысының әкімдігімен келісім бар. Қосшы кентін «қалдықсыз қала» етуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін Ақмола облысының әкімдігіне Целиноград ауданының аумағындағы санкцияланбаған қоқыс алаңдарының бәрін жою керек», - деді Медет Құрманғалиев.
Оның айтуынша, «ӨКМ операторы» қоқыс жинау инфрақұрылымын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау ісінде барлық жауапкершілікті өз мойнына алып отыр.
«Сондай-ақ, біз Алматы облысын да толық жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Қазір техника сатып алу бойынша конкурс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни біз бұл бағытта кезең-кезеңмен жұмыс жүргізудеміз», - деді серіктестік басшысы.