Astana IT University Массачусетс технологиялық халықаралық бағдарламасына қосылды

Фото: instagram.com/astana_it_university

АСТАНА.KAZINFORM- Astana IT University (AITU) ресми түрде әлемдегі ең мықты технологиялық университеттердің бірі – Массачусетс технологиялық институтының (MIT) GLEEN (Global Learning & Entrepreneurship Network) халықаралық бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

AITU алғаш болып жаһандық желіге қосылды, бұл Президенттің Қазақстанда жасанды интеллект пен инновациялар саласын дамытуға арналған ұлттық амбицияларын айқындайды. GLEEN MIT Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы университеттерді біріктіретін халықаралық қауымдастық ретінде дамып келеді, ал AITU-дың қосылуы-университеттің әлеуетін жаһандық деңгейде мойындау.

Серіктестіктің ерекшелігі AITU тек жеке курстарға ғана емес, түгел интеграцияланған трансформациялық «операциялық жүйеге» ие болады, бұл инновациялар мен кәсіпкерлікті оқыту тәсілін түбегейлі өзгертеді.

MIT әдістемелері Disciplined Entrepreneurship (24 қадам) және 15 Startup Tactics бакалавр, магистратура және университет акселераторлары үшін жаңартылған оқу модулінің негізін құрайды.

Бағдарлама екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру және студенттердің халықаралық стандарттар бойынша практикалық дағдыларын дамыту.

Train-the-Trainer бағдарламасы MIT әдістемелеріне терең практикалық енуге мүмкіндік береді, бұл оқытушыларға алған білімін оқу процесінде бірден қолдануға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама бойынша AITU қызметкерлерінің алғашқы тобы 2026 жылғы қаңтарда MIT-де оқуға аттанады. Жыл бойы оқытушылар GLEEN онлайн-сессияларына қатысады, ал жазда MIT базасында GLEEN Strategy & Challenge-Solving стратегиялық воркшопы өтеді, онда халықаралық тәлімгерлермен бірге AITU стартап-экожүйесін дамыту жол картасы жасалады.

AITU студенттері жыл сайын StartMIT инновациялық интенсивіне қатысу мүмкіндігіне, сондай-ақ MIT Orbit және Jetpack AI цифрлық платформаларына толық қатыса алады. Бұл платформалар студенттерге гипотезалар, құнды ұсыныстар және бизнес-модельдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпкерлік дағдылар университеттің әрбір студенті үшін қолжетімді және кеңінен таралған дағдыға айналады.

Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов: «GLEEN MIT бағдарламасына қосылу — ұлттық деңгейдегі маңызды қадам. AITU инновацияларды қалыптастыратын жаһандық білім қозғалысының бір бөлігіне айналады. Бұл студенттеріміз бен оқытушыларымызға MIT әдістемелері бойынша жұмыс жасауға, әлемдік деңгейдегі стартаптарды құруға және Қазақстанның білім және инновациялық экономикасына үлес қосуға мүмкіндік береді»-деді.

MIT-пен серіктестік AITU халықаралық мәртебесін нығайтып, жаңа әріптестік, ғылыми зерттеу және инвестициялық мүмкіндіктер ашады, университеттің Қазақстан мен Орталық Азиядағы инновациялық дамудың негізгі драйверлерінің бірі ретіндегі рөлін растайды.

Осығандейін Қазақстанның Coursera шешімі негізінде ұлттық цифрлық білім беру платформасын құрғалы отырғанын жаздық.