Осы қылмыстарды ашу үшін тергеу бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шарасының барысында «ізін суытпай» еш жерде жұмыс істемейтін, Қостанай облысында туған, 19 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды.
Жауап алу кезінде көліктерді бөлшектерге бөліп, кейін жаңа автокөлік сатып алу ойында болған қаскүнем істеген ісін мойындайды. Алайда, бұл арам пиғылды жүзеге асыра алмайды. Көліктер иелеріне техникалық жөнсіз күйінде қайтарылады.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қ. ІІД УҚҰИ-на қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 185-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыскердің осындай мәндегі ашылмай жатқан қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.