Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековке қатысты қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.

Бүгін бұл туралы Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұрынғы шенеунік қалалық ауруханаларға медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу кезінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталуда», - деді ресми өкіл. Оның қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке 10,2 миллион теңге залал келген. Наурыздың 28-інде Т.Кәрібеков үйқамаққа алынды.