Жиын барысында тәртіп сақшыларының Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысында атқарулары тиіс міндеттер сөз болды. Бұл ретте А.Әубәкіров елордалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғауда барлық күш-жігерлерін салуы қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ ол, Астана қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда алдыңғы орында болатынына сенім білдірді.