деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыз айының басында қабылданған жаңа заңға сәйкес қоғамдық орындарда, көшелерде, саябақтарда алкогольді ішімдіктерді, оның ішінде сыраны пайдалануға тиым салынған болатын. Бұл ережені бұзған азаматтарға бірінші жолы айыппұл салынса, бірнеше мәрте қайталағандар 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Азаматтардан келіп түскен сауалдардың көпшілігі осы мәселе төңірегінде болды. Сонымен қатар, Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес ішімдіктерді жай дүкендерде, супермаркеттерде, дүңгіршіктерде сатуға тыйым салынып отыр. Енді ішімдіктерді тек ірі сауда орталықтарынан, дәмхана, мейрамханалардан алуға болады. Ал ішімдік атаулыны лицензиясы бар дүкендерде түнгі 12-ден таңғы 8-ге дейін сатуға шектеу қойылған.
Бұған қоса интернет-конференция барысында кәмелетке толмағандардың түнгі клубтарға, көңіл көтеру орындарына баруына шектеу қою жайында да сұрақтар болды. Департамент бастығы орынбасарының айтуына қарағанда, ата-анасының немесе ересектердің қарауынсыз кешқұрым ойын-сауық құратындар бұдан былай ішкі істер департаментіне есепке алынып, ата-аналары жауапқа тартылатын болады.