Бұл туралы бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қайрат Мұхитов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, сайлау учаскелерінің қауіпсіздігін қадағалау мақсатында жаяу және көліктегі полиция жасақтары бөлінді. «Осы уақытқа дейін департаменттің жеке құрамымен сайлау науқанында атқарылатын жұмыстарға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еліміздің «Сайлау туралы» заңының талаптарымен департамент қызметкерлерін прокуратура өкілдері де таныстырды. Ал алдағы күндері Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлапкованың қатысуымен департамент өкілдері семинар- кеңес өткізетін болады»,-деді Қ.Мұхитов.