АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Астана қалалық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып полиция полковнигі Оразалиев Арман Молдиярұлы тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, Арман Оразалиев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Битенов Жанат Балтабекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.