2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті. Дауыс беру 213 сайлау учаскесінде жүргізілді.
Астана қалалық мәслихатының хабарлауынша, сайлаушылар тізіміне 400445 сайлаушы енгізілді, дауыс беруге 296364 сайлаушы немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,0 пайызы дауыс берген. 1821 сайлаушы дауыс беруге арналған орыннан тыс жерде дауыс берген.
Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау 25 сайлау округі бойынша өтті. Сайлау бюллетеньдеріне мәслихат депутаттығына 56 кандидат енгізілді. Алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 25 наурызда сағат 16.00 қалалық әкімдік ғимаратында өтеді.
Сайланған депутаттардың есімдерімен сілтеме арқылы танысуға болады.
21:01, 23 Наурыз 2016
Астана қалалық мәслихатына сайланған депутаттар тізімі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-ші, 111-ші баптарына сәйкес, округтік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде қалалық сайлау комиссиясы Астана қалалық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.