деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сессия жұмысы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Әубәкіровтің 2012 жылы 15 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарымен басталды. Осындан кейін ол қалалық мәслихат депутаттарына олардың мәртебелерін растайтын куәліктер табыс етті.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, онда қалалық мәслихаттың хатшысы болып Сансызбай Есілов бірауыздан сайланды.
Мәслихаттың жаңа сайланған депутаттарынан 4 тұрақты комиссия құрылды. Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс комитетін Николай Мещеряков, Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік комитетін Уәлихан Досаев, Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетін Мирас Шекенов, Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Абай Байгенжин басқаратын болды.